• Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
  • 8 (7172) 53-98-15

Балабақшаға қабылдау

Балабақшаның жұмыс кестесі 07.30-18.00

Жұмыс күндері: 5 кундік жұмыс

Демалыс күндері:  сенбі, жексенбі

10,5 сағат балалар балабақшада уақытын өткізеді  (7:30-18:00 дейін)


 

«№79 «Шабыт» балабақшасымен ата-аналар (оларды алмастырушы адамдар) арасындағы КЕЛІСІМ ШАРТ

Ақылы білім беру қызметтерін көрсету туралы ШАРТ

Кластер

Заман көшінен қалмаудың бір жолы – тіл білу. Әлемнің дамыған елдерімен терезе теңестіруге ұмтылған қазақстандықтардың алдында үш тілді бір кісідей меңгеру міндеті тұр.2017-2018 оқу жылынан бастап, біздің балабақшамыз кластер бойынша №21 «Гүлдер» балабақшаның жетекшілігімен өз жұмысын бастады.

Кластер көптілді кеңістік бойынша, яғни үштілділік бағыты.

2018- 2019 оқу жылында кластер өз жалғасын №4 «Аружан» балабақшасының жетекшілігмен өз жалғасын тапты.

Мақсаты – өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым – қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген  полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру.

Балабақшамызда жоғарыда аталған жетекшілердің нұсқаулығымен үштілділікті дамытудың 2018-2019 жылдарға арналған кешенді жоспары жүзеге асырылып жатыр.

Бүгінде мекемеде ұш тілді жетік меңгерген 8 ұстаз жұмыс атқаруда.

Олардың барлығы бәсекеге қабілетті оқушыларды дайындауға ниетті. Жоспар бойынша ағымдағы оқу жылында Астана қаласының балабақша педагогтарына арналған семинар – практикум ұйымдастырылу жоспарда.

Біздің артықшылықтарымыз!

Ш – Шабыттан шарықта

А – Алыпты ал алға

Б –Бауырмал бол

Ы –Ынтымақты, ынталы

Т –Талпынып талантқа!

Біздің балабақшаның ерекшелігі неде?

Ең алдымен, біз балалардың дені әрі рухы сау болуына қатты көңіл бөлеміз. Осы себепті сауықтыру процедуралары, хореография, музыка және театр өнерінің негіздері, каратэ, күрес, шахмат қосымша үйірмелерінің жұмыстары жүргізілуде.

Балабақшамыздің қауіпсіздігі!

Бала бақша ғимараты ішкі және сыртқы бақылау бейне камераларымен толық жабдықталған. Күні бойы ғимаратта екі кәсіби күзетші болады. Сіздің балаларыңыздың кауіпсіздігі мақсатында күннің аяғында балаларды алып қайту құқығы бар тұлғалардың тізімі жасалады.