Орындарды бөлу кестелері

Балабақшамызда жазғы маусымның алғашқы күні 1-маусым Балалар күні мерекесі аталып өтті.
Мерекеде педагогтарымыз балаларды таңғы қабылдауды ертегі кейіпкерлерімен қарсы алды.
Ересек, мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілері әдемі ән сыйлады, би билеп, флешмоб орындады.
Мерекеде балалар ерекше көңі-күйге бөленді.
№79 «Шабыт» балабақшасында мектепалды даярлық кезекші «Ренессанс» тобы балабақшамен қоштасу салтанатты ертеңгілігін өткізді. Балалардың бәрі де аталмыш шараға ерекше дайындықпен қатысты. Олар өздерінің жаттаған тақпақтарын айтып, би билеп, сұрақтарға жауап беріп білім деңгейлерін байқатты.Тәрбиешілері Омарова Асем, Сәлім Амангүл бүлдіршіндерге сәт сапар тіледі.