Ата-аналармен кездесу өтті
Балабақшамызда 2021 жылдың 5 қазанында меңгеруші Абдыхаликова Шолпан Мұсақызының қатысумен әр топтан бір ата-ананың қатысуымен кездесулер өтті.
Ата-аналар көкейтесті сұрақтарына жауап алды. Балалардың жиі ауруын алдын-алу жайында дәрігер Жалмағанбетова Жұмагүл Сагинтаевна бірнеше ұсыныстарын айтып өтті. Балалардың балабақшаға бейімделуі, білімі, тәртібі жағынан инновация әдіскері Бекбусинова Аннагүл Сисенбаевна сөз алып, ақпараттармен және ұсыныстарымен таныстырды.