Жаңа жыл
25 -28 желтоқсан аралығында жаңа жыл ертеңгіліктері өтті. Ең бірінші болып ертеңгілікті мектепалды даярлық топтары мен ересек топтары бастады. Ортаңғы және кіші топтар ертеңгіліктің соңғы нүктесін қойды. Өте әсерлі өтті. Жаңа жылда жаңа кейіпкерлермен өткен ертеңгіліктер өте қызықты болды. Әсіресе, хореографтың тыңғылықты жұмысы мен музыканттың жұмысы ата- аналар тарапынан жоғары деңгейде бағаланды.
10 қарашада балабақшада еліміздің басты мейрамдарының бірі «Тәуелсіздік күні» тойланып өтті. Аталмыш мейрамда 3 кіші және 3 ортаңғы топтың балаларында ашық тәрбие сағаты өтті. Түрлі бейнесюжеттер мен суреттер көренекілік ретінде кеңінен қолданып, балалардың қызығушылығы мен білімдерін арттырды. Ал, ересек топтар мен мектепалды даярлық топтар акт залында керемет концерттік номерлер көрсетті. Концертте патриоттық әндер мен ұлттық нақышта билер көрсетілді.
9 желтоқсан күні Халықаралық «Дарындар әлемі» байқауы өтті. Байқауға біздің № 79 Шабыт балабақшасынан 72 бала қатысты. Атап айтқанда «эстрадалық вокал» номинациясы бойынша өнер көрсеткен ең кішкентай 3 жастағы «Сәулем ай» балалар хоры 1 орын алды. «Айналайын», «Үкілім-ай» қыздар тобы және жеке орындауда Абдрасилова Каусар 2 орын иеленді. «Шабыт жұлдыздары»қыздар тобы және «Батыр балақайлар» 3 орын жүлдесімен марапатталды. Жетекші Махатова Сауле Жеңісқызына үздік ұстаз дипломы табысталды.
Бүгін "Мен және ұжым" тақырыбы бойынша семинар тренинг өтті.